Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жасалсын, сондай-ақ мына келісімдерге қол қойылсын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Экономикалық және қаржылық жолсыздықтарға қарсы күрес, сондай-ақ заңсыз әкетілген валюталық құндылықтарды қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Әзірбайжан Республикасының азаматтары мен Әзірбайжан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісім;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы авторлық құқық пен аралас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Даниал Кенжетайұлы Ахметовке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан осы қаулының 1-тармағының 2) 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген келісімдерге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.