Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қазан N 1589

      1999-2000 жылдардағы жылыту маусымында Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесінің орнықты және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен "ЖЭО-3 - қала" жылу магистралінің құрылысын аяқтау және Шымкент қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге бөлсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364 қаулысымен. P000364_
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бөлінетін қаражаттың өз уақытында игерілуін және "ЖЭО-3 - қала" жылу магистралінің 1999-2000 жылдардағы жылыту маусымында сенімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады