Қарағанды облысының әкіміне қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 қараша N 1634

      Барлау жұмыстарын жүргізу және 1999 жылғы 27 қазанда болған "Протон" зымыран тасығышы авариясының зардаптарын жою жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қарағанды облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен "Протон" зымыран тасығышы авариясының зардаптарын жоюға 5(бес) миллион теңге бөлсін;
      2) бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      2. Қарағанды облысының әкімі 1999 жылдың IV тоқсанының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемдері мен құны туралы баяндасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады