Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі мен Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы &Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 4 қараша N 1651

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі мен Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Иванович Алесинге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі атынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі мен Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігі мен Беларусь Республикасының  Денсаулық сақтау
министрлігі арасындағы денсаулық сақтау  және медицина ғылымы
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі мен Беларусь Денсаулық сақтау сақтау министрлігі бұдан әрі "тараптар" деген атпен:
      медицина және денсаулық сақтау саласындағы дәстүрлі байланыстарды қолдауға және дамытуға ұмтыла отырып,
      денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, дәрі дәрмектер мен медициналық техникаларды шығару, бір мемлекеттің азаматтарына екіншісінің аумағында медициналық көмек көрсету, ақпараттар алмасу және түрлі зерттеулер өткізу қажеттігін мойындай отырып,
      тараптардың өзара тиімді және тең құқылы шарттық негіздегі ынтымақтастыққа қызығушылығын ескере келе,
      төмендегіге келісті:
 
                     1-бап
 
      Тараптар төмендегідей бағыттар бойынша кеңес береді, тәжірибе алмасады және өзара тиімді қарым-қатынасты дамытады:
      тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді, ұйымдастырады (медициналық қызмет, нарқын, бағаны құру, бастауыш медициналық қызметті дамыту, жаңа медициналық технологияны игеру);
      денсаулық сақтау және медицина ғылымының басым және өзекті проблемалары бойынша бірлескен бағдарламалар жасайды және жүзеге асырады;
      түлектерге, мамандарға қойылар келісілген мамандық талаптары негізінде медициналық, ғылым және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды, пайдаланады және біліктілігін көтереді;
      медициналық техникаларды және аспаптарды бірлесіп жетілдіру, өнеркәсіптік өндіріс жоспарларын орындаушылармен келісуге қатысады. Медициналық техникалардың үйлесімділігін жетілдіреді және келіседі;
      азаматтардың денсаулығын сақтау сұранысына сәйкес ғылыми тәжірибелік,

 

клиникалық және профилактикалық медицина саласында нақтылы және іс жүзінде

қолданылатын ғылыми тәжірибелерді дамытады;

     денсаулық сақтау және медицина ғылымындағы үнемдеу;

     денсаулық сақтау саласында автоматтандырылған басқару жүйесін және

есептеу техникаларын енгізу;

     тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету

саласын үйлестіреді;

     22-ші Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 1969 жылы

қабылданған халықаралық медициналық-санитарлық ережелерге сәйкес нақты

санитарлық қорғау;

     санитарлық-гигиеналық мөлшерлеу;

     иммундық профилактика, жұқпалы аурулардың лабораториялық

диагностикасы;

     зардаптардың медициналық биологиялық және олардан жасалған

бұйымдардың, сол сияқты шикізаттардың, материалдар мен азық-түлік

тағамдарының сапасын тіркеу және бақылау.


                  2-бап



 
        Тараптар коммерциялық негізде шарттық баға немесе қолданылып жүрген баға көрсетілген тізім бойынша есеп айырысу арқылы кеңес беруге, зерттеулер жүргізуге және азаматтарды емдеуге немесе адам өміріне қауіп төнген жағдайдан басқа сәттерде де және жедел әрі кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге келісілді.
 
                    3-бап
 
      Тараптар емдеу-профилактикалық, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау органдарының арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге жағдай жасайды.
      Тараптар мекемелер мен органдар арасындағы байланыстарды ұлттық заңдылықтарға сәйкес және Тараптар қол жеткізген шарттық келісу негізінде жүзеге асырады.
 
                       4-бап
 
      Тараптар бірін бірі съездер, конференциялар, көрмелер, денсаулық

 

сақтау саласындағы және медицина ғылымындағы басқа да нормалардың өткізілу

жоспарлары туралы хабардар етіп отырады және осы шараларға қатысушы

мамандарды қабылдауға ықпал етеді.


                      5-бап


     Тараптар жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқу жоспарлары мен

бағдарламаларын оңтайландыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізеді және осы

мекемелер арасындағы тікелей шығармашылық байланыстарды реттейді, сонымен

бірге мамандар, студенттер мен оқушылар алмасады.


                       6-бап


     Тараптар белгіленген тәртіп бойынша екінші Тараптың оқу орындарында

медициналық, оқушы және ғылыми кадрлардың біліктігін көтеруге мүмкіндік

туғызады.


                       7-бап



 
       Тараптар өз міндеттері деңгейінде дәрі-дәрмектер, медициналық техникаларды және медициналық маңызы бар өнімдерді өндіруге және жетілдіруге және дамытуға өзара тиімді жағдайда алмасуға ықпал ететін болады.
      Осы Келісімдегі ережелерге түсінік беру немесе қолдану барысында келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жүргізу және кеңес беру жолымен шешеді.
 
                         8-бап
 
      Осы келісімге Тараптардың өзара келісімімен Келісімнің ажырамас

 

бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен реттелетін өзгертулер мен

толықтырулар енгізе алады.


                          9-бап


     Осы келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың

бірі оның күшін тоқтату туралы ниетін екінші тарапқа кемінде 6 ай ішінде

жазбаша түрде хабарлағанға дейін өз күшінде қалады.

     Келісім 1999 жылғы "___"_______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс

тілдерінде түпнұсқалы екі данадан жасалды, барлық мәтіннің күші бірдей.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру үшін орыс тіліндегі мәтін

қолданылады.


     Қазақстан Республикасының       Беларусь Республикасы

     Денсаулық сақтау ісі жөніндегі  Денсаулық сақтау

     Агенттігі үшін                  министрлігі үшін




    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады