"Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының акциялары мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қараша N 1680

     Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың салымдарының жинақ жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Халықтық Банк) республиканың экономикасы үшін маңызды мәнін, сондай-ақ "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі N 1382 P991382_ қаулысына сәйкес құрылған комиссия сайлаған Халықтық Банктің акциялары мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендіру жөніндегі кеңесшінің ұсынымын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Кеңесші ұсынған шарттарда Ұлттық Банктің акциялары мемлекеттік пакетінің бастапқы құны 100 (жүз) теңге, саны 6 031 666 (алты миллион отыз бір мың алты жүз алпыс алты) дана бөлігін жекешелендіру жөнінде жабық тендер өткізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) 1999 жылдың 20 желтоқсанына дейін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тендерді өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады