Компьютерлік техниканы сатып алуға қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 қараша N 1700

      Мемлекеттік бюджетке есептік-кассалық қызмет көрсетуге байланысты Қазынашылықтың ақпараттандыру жүйесі қызметінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2000 жылдың проблемасын шешу мақсатында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне компьютерлік жабдықтар сатып алу үшін кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға 1999 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 70 (жетпіс) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бір көзден компьютерлік жабдықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға рұқсат етілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады