ТМД елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, сыртқы рынокта әскери-техникалық мүлікті, стратегиялық шикізат пен материалдарды сату, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарын дамытуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдасын;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды қайта тіркеуге жәрдем көрсетсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.