Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 қараша N 1758

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оған мүше мемлекеттердiң арасындағы Ынтымақтастық кеңесi мен Ынтымақтастық комитетiнiң қазақстандық бөлiктерiн құру туралы" 1999 жылғы 20

 

қыркүйектегі N 1418 


P991418_


  қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

     1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "1. Мына орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшылары деңгейiнде

бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан Еуропалық

Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттердiң арасындағы Ынтымақтастық

кеңесiнiң (бұдан әрi - Кеңестiң) қазақстандық бөлiгi құрылсын:

     Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі;

     Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм

министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi;

     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi

қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi

агенттiгi.

     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi

агенттiгi.

     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi;

     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi.


 
       Қазақстан Республикасының Кеңестiң кезектi мәжiлiсiне баратын қазақстандық делегацияның құрамы мәжiлiстiң күн тәртiбi мен қаралатын мәселелерге байланысты жасақталатын болсын";
      2) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң

 

орынбасары - Қаржы министрi Ораз Әлиұлы Жандосов" деген сөздер

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Александр

Сергеевич Павлов" деген сөздермен алмастырылсын;

     3) 3-тармақтың екiншi абзацындағы "Ерлан Әбiлфайызұлы Ыдырысов" деген

сөздер "Әдiл Құрманжанұлы Ахметов" деген сөздермен алмастырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады