Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 маусымдағы N 868 P990868_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "Ақсайавтотранс" және "Қазбұргаз" ашық акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін" деген сөздер "Қазбұргаз" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы "жоғарыда көрсетілген акциялардың мемлекеттік пакеттерін" деген сөздер "жоғарыда көрсетілген акциялардың мемлекеттік пакетін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.