Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 қараша N 1777

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) оның құрамынан мемлекеттiң 100 проценттiк қатысуымен "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының негізгi функциялары:
      1) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн несиелендiру мен қаржылық қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу саласында жұмыс iстейтiн ауыл шаруашылығы ұйымдарына лизингтiк негiзде техникалар мен технологиялық жабдықтар ұсыну;
      3) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн несиелендiру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мүлкiнiң кепiлiмен екiншi деңгейдегі банктерге кепiлдiк беру;
      4) өз қаражатының, сондай-ақ тартылатын инвестициялардың есебiнен несиелендiру жолымен ауыл шаруашылығы секторына көмек көрсету болып айқындалсын.
      3. Заңдарда белгiленген тәртiппен "Республикалық ипотекалық несиелендiру қоры" ашық акционерлiк қоғамы таратылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) бөлу балансын бекiтсiн;
      2) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамын 65 000 000 (алпыс бес миллион) теңге мөлшерiндегi жарғылық капиталымен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамның жарғысын бекітсін;
      2) "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда

 

белгіленген тәртіппен "Республикалық ипотекалық несиелендіру қоры" ашық

акционерлік қоғамын таратуды қамтамасыз етсін.

     7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне "ҚазАгроҚаржы" жабық

акционерлік қоғамына "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының жарғысында

көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті банктік операциялардың

жекелеген түрлерін жүргізуге лицензия беру ұсынылсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады