"Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Тама" зоологиялық паркінің коллекциясын толықтыру үшін Қазақстан Республикасынан Жапонияға барыс әкетуді ұйымдастырсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 1491
қаулысымен. P001476_
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан барысты әкетуге
көмек көрсетсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 1491
қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.