Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкімен және Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкімен "Электр желілерін оңалту" жобасы бойынша кепілдікті келісімдер жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1823

      Қазақстан Республикасының 1999-2001 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына енгізілген "Электр желілерін оңалту" жобасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) заңдарда белгіленген тәртіппен "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамы тартқан заемдар бойынша Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкімен және Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкімен жалпы сомасы 185 (жүз сексен бес) миллион АҚШ долларына келісімдер дайындасын және жасассын;
      2) енгізілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері

 

бойынша қаражатты резервке қою схемасының негізінде "KEGOC" электр

желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік

қоғамымен тиісті ішкі келісім дайындасын және жасассын.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады