"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңының 16-бабына сәйкес, Жолдарды техникалық күтіп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын коммерцияландыру жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Кепілдікті келісім (Жолдарды техникалық күтіп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын коммерцияландыру жобасы) (бұдан әрі - Кепілдікті келісім) жасалсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) белгіленген тәртіппен Кепілдікті келісімге қол қойсын;
2) енгізілген Кепілдікті келісім бойынша қаражатты резервке енгізу
сызбасының негізінде "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнымен тиісті келісімді дайындасын және жасассын.
3.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963
қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.