Еңбекшілердің демалуы үшін қолайлы жағдай жасау және 1999 жылдың
желтоқсанында жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 1999 жылдың 19 желтоқсанындағы жексенбіден 1999
жылдың 17 желтоқсанындағы жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімдерді шығаруға, сондай-ақ құрылым объектілерін іске
қосуға арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілген ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша жұмысты 1999
жылдың 19 желтоқсанында жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.