Ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1947

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Z980318_ Заңының 5-1-бабына және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия мақұлдаған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы жалпы сомасы 1 087 903 279 (бір миллиард сексен жеті миллион тоғыз жүз үш мың екі жүз жетпіс тоғыз) теңгелік, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бойынша 148 718 800 (жүз қырық сегіз миллион жеті жүз он сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша 632 727 700 (алты жүз отыз екі миллион жеті жүз жиырма жеті мың жеті жүз) теңге сомасындағы, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитеті 19 308 800 (он тоғыз миллион үш жүз сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бойынша 53 010 118 (елу үш миллион он мың жүз он сегіз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша 24 408 801 (жиырма төрт миллион төрт жүз сегіз мың сегіз жүз бір) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бойынша 3 951 000 (үш миллион тоғыз жүз елу бір мың) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бойынша 124 463 860 (жүз жиырма төрт миллион төрт жүз алпыс үш мың сегіз жүз алпыс) теңге сомасындағы, оның ішінде:
      а) азаматтардың жекелеген санаттарына берілген жеңілдіктер бойынша 4 206 360 (төрт миллион екі жүз алты мың үш жүз алпыс) теңге сомасындағы;
      б) таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша, облыстар бойынша жалпы сомасы 120 257 500 (жүз жиырма миллион екі жүз елу жеті мың бес жүз) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі бойынша 32 523 000 (отыз екі миллион бес жүз жиырма үш мың) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 68 100 000 (алпыс сегіз миллион жүз мың) теңге сомасындағы кредиторлық берешекті шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдері бойынша берешегін өтеу есебінен өтеу туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу бойынша "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 


P990569_


  қаулысымен бекітілген тәртіппен

есептеме жүргізуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады