Астана қаласында Сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-өзбек үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 желтоқсан N 1952

      Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-өзбек үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісін өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 1999 жылдың 22-23 желтоқсанында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-өзбек үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісін (бұдан әрі - мәжіліс) өткізу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      мәжілісті дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп өзбек делегациясының мүшелері үшін орналастыру, қызмет көрсету, көлікпен қамтамасыз ету, тамақтану мен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан ресми түскі қонақасы ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қоса беріліп отырған сметаға сәйкес, заңдарда белгіленген тәртіппен мәжілісті өткізуге, өзбек делегациясының Астана қаласында болуына байланысты шығыстарды 1999 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен арнаулы ұшақтың Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, тұрағын, техникалық қызмет көрсетілуін және жанармай құйылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өзбек делегациясы

 

мүшелерінің жүру бағыттары бойынша, тұратын орындарында және мәжіліс

өткізілетін уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                 1999 жылғы 21 желтоқсандағы

                                 N 1952 қаулысымен бекітілген



     Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы

      екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық

     комиссияның төртінші кезектен тыс мәжілісін өткізуге арналған

                        шығыстардың

                         Сметасы


     1999 жыл, 22-23 желтоқсан, 2 күн Астана - Үкіметаралық

              комиссия мүшелерінің келіссөздері

     _________________________________________________________________

      N      Көрсетілетін қызметтің атауы    ! Сомасы (теңге)

     _________________________________________________________________

     1  1 адамға күніне 2000 теңге есебімен

        тамаққа шығыстар

        20 адам х 2000 теңге х 2 күн             80 000


     2  1 адамға күнінен 7 050 теңге есебімен

        қонақ үйде тұруы


        20 адам х 7 050 теңге х 2 күн            282 000


     3  Көліктік шығыстарға тәулігіне 8

        сағаттан әр сағатына 700 теңгеден

        төлеу


        1 автобус х 7000 х 8 сағат х 2 күн       11 200


        2 Фиат әр сағатына 700 теңге

        2 х 700 теңге х 8 сағат х 2 күн          22 400


     4  Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан

        35 адамға арналған қабылдау.

        1 адамға 6 500 теңге есебімен


        35 адам х 6 500 теңге                    227 500

        Жиыны:                                   623 100 теңге




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады