1. 2000 жылы Қазақстан Республикасынан мұнайдың экспорты (ТМД СЭҚ ТН коды (2709 00 900) 22 000 000 тонна көлемінде сандық шектеу қойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
мұнай экспорттаушыларының өтінішінің негізінде мұнай экспортының жылдық кестесін бекітсін;
отандық мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесін ескере отырып, мұнай
экспорттаудың жылдық кестесіне тоқсан сайын түзету енгізіп отырсын. 3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының аумағынан шикі мұнай экспортын жоғарыда көрсетілген кестенің негізінде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің берген рұқсатының негізінде ғана жүргізсін. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін қолдануға енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.