Қазақстан Республикасының шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау және дефолт фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ бұрын берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 1993 жылғы 19 мамырдағы N 26-15/136, 1993 жылғы 7 маусымдағы N 26-15/8347, 1994 жылғы 3 маусымдағы N Ф22-3/38, 1994 жылғы 29 маусымдағы N Ф-22-3/42, 1995 жылғы 24 наурыздағы N Ф 22-3/3/4016, 1995 жылғы 9 тамыздағы N ф-22-3/11, 1996 жылғы 2 қазандағы N 0000016, 1996 жылғы 23 қыркүйектегі N 001 мемлекеттік кепілдіктеріне және Әлембанк (бұрынғы Қазсыртэкономбанк) ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федеральдық Қаржы министрлігінің арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келісімге жасалған Өзгеріске сәйкес, шетел банктері шоттарының негізінде дәрменсіз заемшылар үшін алдағы және мерзімі өткен төлемдерді (1,2-қосымшаларға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгі бағам айырмасының өзгеруін есепке ала отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттың шегінде төлейтін болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөніндегі қызметіне қаржылық-шаруашылық тексеріс жүргізсін және оларды пайдалану тәртібін бұзушылық фактілері анықталған жағдайда кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына берсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі банкроттық рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық міндеттемелерін атқармаған тұлғаларды өзге де жауапкершілікке тартуға дейін заңдарда белгіленген тәртіппен шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен атқарылған заемшыларға қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражатты қайтару жөнінде қабылданған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат тапсырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
24 желтоқсандағы
N 1979 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу бойынша мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
____________________________________________________________________
Заемшы ! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі !Проценттер ! Басқалары
ұйым валютасы уақыты сомасы борыш
____________________________________________________________________
Германия несие желісі
____________________________________________________________________
ҚР ІІМ EUR 03.08.99 167,57 0,00 0,00 167,57
ҚАКД
Барлығы EUR 167,57 0,00 0,00 167,57
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
24 желтоқсандағы
N 1979 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдерді өтеу
Сомасы
____________________________________________________________________
Заемшы ! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі
ұйым валютасы уақыты сомасы борыш
____________________________________________________________________
Германия несие желісі
____________________________________________________________________
ҚР ІІМ EUR 01.12.99 747 447,98 532 091,38
ҚАКД
____________________________________________________________________
"Тұран Агро" EUR 01.12.99 261 955,41 247 711,97
фирмасы
____________________________________________________________________
"Теплоприбор" АҚ EUR 01.12.99 905 430,02 833 537,42
____________________________________________________________________
"Актурбо" АҚ USD 01.12.99 4 157 923,53 3 689 433,16
____________________________________________________________________
"Актурбо" АҚ USD 01.12.99 2 011 739,77 1 736 163,59
____________________________________________________________________
"Ақмола Жаңа DM 30.12.99 5 120 364,10 4 129 326,10
Құрылысиндустрия"
АҚ
____________________________________________________________________
Австрия несие желісі
____________________________________________________________________
"Фосфор" ӨБ USD 30.12.99 16 631,00 0,00
____________________________________________________________________
АҚШ несие желісі
____________________________________________________________________
"Тағам" АҚ USD 15.12.99 1 893 644,17 1 651 268,86
____________________________________________________________________
"Кең дала" МАҚ USD 15.12.99 11 401 633,27 9 757 390,93
____________________________________________________________________
Барлығы: EUR 1 914 833,41 1 613 340,77
____________________________________________________________________
DM 5 120 364,10 4 129 326,10
____________________________________________________________________
USD 19 481 571,74 16 834 256,54
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
жалғасы
__________________________________
Проценттер ! Басқалары
__________________________________
215 356,60 0,00
__________________________________
14 243,44 0,00
__________________________________
71 892,60 0,00
__________________________________
468 490,37 0,00
__________________________________
275 576,18 0,00
__________________________________
991 038,00 0,00
__________________________________
11 974,32 4 656,68
__________________________________
242 375, 31 0,00
__________________________________
1 644 242,34 0,00
__________________________________
301 492,64 0,00
__________________________________
991 038,00 0,00
__________________________________
2 642 658,52 4 656,68
__________________________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.