Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы N 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 желтоқсан N 1989

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігін Көкшетау қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы N 99 P980099_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "Экология және табиғи ресурстар" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ақмола қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың орталық аппараттарының қызметкерлері үшін заңдарда көзделген кепілдіктер мен өтемдер елорданы Астана қаласына көшіруге байланысты басқа жерге (Көкшетау қаласына) жұмысқа ауыстыру кезінде қоныс аударған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орталық аппараты қызметкерлеріне де қолданылады деп белгіленсін.
      Жоғарыда аталған Министрліктің орталық аппараты қызметкерлеріне

 

тұрғын үй беру және сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы

22 сәуірдегі N 377-26 және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736-56 қаулыларына

сәйкес жүргізілсін".

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тұрғын үй сатып алуға

бөлінген қаражаттың көзделген мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.        






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады