"Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамындағы қалыптасқан ауыр қаржы-экономикалық жағдайға байланысты және оның маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының банкроттығын жүргізсін.
2. "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың:
1) "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
2) конкурстық массаның бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарынан төмен емес старттық бағасын;
3) өндірістің технологиялық циклының үздіксіздігін қамтамасыз етуді;
4) конкурстық басқарушыға өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
3. Конкурстық массаны сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
1) сатып алушының электр қуатын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті лицензиясы болуы тиіс;
2) сатып алушы "Ресей ЕЭС" Ресей энергетика және электрлендіру акционерлік қоғамының электр энергиясын оның желілері арқылы Ресей Федерациясының аумағы бойынша тасымалдауға келісімін ұсынуы тиіс;
3) сатып алушы өзіне "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамының
еңбекақы берешектерін өтеу жөнінде міндеттеме қабылдайды.
4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.