"Екібастұз энергоорталық" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 1993

      Қазақстан Республикасының аумағында электр қуатын өндіру мен сату және оның импорты жөніндегі отандық операторды құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жарғы капиталына мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Екібастұз энергоорталық" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Құрылатын Қоғамның жарғы капиталының мөлшері 7 (жеті) миллион теңге сомасында айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғы капиталын қалыптастыру үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 7 (жеті) миллион теңге бөлсін.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп аңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қоғамның өндірістік қызметті жүзеге асыруы үшін қажетті рұқсат беретін құжаттаманы ресімдеуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады