Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1999 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2000 жылдың 7 қаңтарына дейін қоса есептегенде 1 816 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он алты миллион) теңге сомасына процентсіз заем беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген
тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шарттарда заем туралы
келісім жасассын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.