"Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2026. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 290 қаулысымен. ~P010290

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      Криничанский Александр Александровичты Басқарма төрағасы - "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлік қоғамының президенті етіп тағайындасын;
      "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мынадай құрамда бекітілсін:
      Мәдиев Біржан Мұхаметжанұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, төраға;
      Баталов Әнуар Қасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
      Котлов Андрей Николаевич - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі;
      Жанәбілов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өндірістік бөлімінің меңгерушісі;
      Криничанский Александр Александрович - Басқарма төрағасы - "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлік қоғамының президенті.
      Жүзбаева Мейрамкүл Алтынбекқызы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.18. N 1083 қаулысымен.
               P001083_
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы N 216 P990216_ қаулысына:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары;
      Әбілғазин Дәнияр Рүстемұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі - Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика вице-министрі;
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің департамент директоры;
      Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамының президенті";
      2) "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы N 308 P990308_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, N 10, 92-құжат):
      1-тармақтың 8) тармақшасындағы "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мәдиев Біржан Мұхаметжанұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, төраға;
      Жанәбілов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік бөлімінің меңгерушісі;
      Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі;
      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика вице-министрі;
      Сақыпов Нұрлан Зәркешұлы - "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының президенті";
      3) "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 P991628_ қаулысына:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика,

 

индустрия және сауда вице-министрі, төраға;

     Нұрпейісов Қайрат Айтмұхатбетұлы - Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс вице-министрі;

     Жанәбілов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

Кеңсесі Өндірістік бөлімінің меңгерушісі;

     Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - Қазақстан Республикасының

Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық

қадағалау жөніндегі комитетінің төрағасы;

     Жандосов Ораз Әлиұлы - "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі

қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамының президенті".

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады