Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2029. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.25. N 569 қаулысымен. ~P020569

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 P950952_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) тақырыбындағы, екінші абзацындағы "салық" деген сөзден кейін " ,сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 заң күші бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
      тақырыбындағы "салық" деген сөзден кейін ", сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "билік етуі шектелген" деген сөздер "салық қызметі органдары билік етуді шектеген деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ алым" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "мүлік иесінің" деген сөздер "меншік иесінің (шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "жеткізу мен" деген сөздер "жеткізу және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Салық төлеушілердің - заңды тұлғалардың республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуі мүмкін, салық қызметі органдары билік етуді шектеген мүліктерін сату кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімдерімен мамандандырылған ашық аукцион өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары

белгіленуі мүмкін.";
     10-тармақтың оныншы абзацындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақша" 
деген сөзбен ауыстырылсын;
     12-тармақтағы "сатылған мүлік құнының" деген сөздер "сатудан алынған 
қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.       
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады