Жалақы жөніндегі берешекті өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2031

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Сатушы ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті мен "АЭС Сантри Пауер Лтд." компаниясының арасында жасалған 1996 жылғы 6 шілдедегі N 207 Сатып алу-сату келісімшартына сәйкес Екібастұз ГРЭС-1 қызметкерлеріне мүліктік кешенді жекешелендіру сәтінде пайда болған жалақы жөніндегі берешекті өтеу мақсатында, сот шешімдерін атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1999 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 109525446 (жүз тоғыз миллион бес жүз жиырма бес мың төрт жүз қырық алты) теңге, оның ішінде:
      жалақы жөніндегі берешекті өтеуге - 107475185 (жүз жеті миллион төрт жүз жетпіс бес мың бір жүз сексен бес) теңге;
      мемлекеттік бажды төлеуге - 2050261 (екі миллион елу мың екі жүз алпыс бір) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген

 

тәртіппен қойылған инкассалық өкімдердің атқарылуын қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот қаулыларын

атқару жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен өзінің аумақтық органдары

арқылы атқарушы парақтар бойынша сомаларды төлеуді жүзеге асырсын.

     4. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады