Республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 6 маусым N 87-ө

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 4-7 тамызда Астана қаласында "Ақ бидай" республикалық ауыл спорты ойындарын (бұдан әрі - Ойындар) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қосымшаға сәйкес Астана қаласында Ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Ойындарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың әкімдері жергілікті жерлерде алдын-ала жарыстарды ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ Астана қаласындағы ойындардың финалдық жарыстарына қатысуы үшін облыстардың спорттық делегацияларын жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Астана қаласының әкімі жарыс өткізілетін орындар беруді, жарысқа қатысушылардың тұруы мен тамақтануын ұйымдастыруға жәрдемдессін.
      6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жарысқа қатысушыларды, ресми адамдарды, өкілдер мен төрешілерді күтіп алу мен жөнелтуді, көліктің барлық түрімен, сондай-ақ жарыс өтетін және тұратын жерлерінде жедел қалааралық телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Ойындарға қатысушыларға дәрігерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ойындарға

 

қатысушылар тұратын және жарыс өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіп пен

қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.

     9. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі Ойындардың мәдени бағдарламасын ұйымдастыруға жәрдемдессін

және олардың дайындығы мен өткізілуі барысын бұқаралық ақпарат

құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.


     Премьер-Министр


                                          Қазақстан Республикасы

                                           Премьер-Министрінің

                                          2000 жылғы 6 маусымдағы

                                          N 87-ө өкіміне қосымша


     Республикалық ауыл спорты ойындарын дайындау және

         өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің

                       Құрамы


     Тұрлыханов                Қазақстан Республикасының Туризм және спорт

     Дәулет Болатұлы           жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға


     Мыңбаев                   Қазақстан Республикасының Ауыл

     Сауат Мұхаметбайұлы       шаруашылығы министрі, төрағаның

                               орынбасары


             Ұйымдастыру комитетінің мүшелері


     Әлімбекова                Қазақстан Республикасының Туризм және

     Гүлнар Смәділқызы         спорт жөніндегі агенттігі қаржы-

                               экономикалық бөлімінің бастығы


     Биманбетов                Қазақстан Республикасының Туризм және

     Бақытбек Тәжібайұлы       спорт жөніндгі агенттігі төрағасының

                               бірінші орынбасары


     Дрютов                    Астана қаласының Спорт және дене

     Николай Семенович         тәрбиесі комитетінің төрағасы


     Ыбыраев                   Қазақстан Республикасының Денсаулық

     Серік Ескендірұлы         сақтау ісі жөніндегі агенттігі

                               төрайымының орынбасары


     Қалқабаев                 Қазақстан Республикасының Көлік және

     Ержан Шойбекұлы           коммуникациялар министрлігі Көліктік

                               бақылау комитетінің төрағасы


     Қанағатов                 Қазақстан Республикасының Туризм және

     Елсияр Баймұхаметұлы      спорт жөніндегі агенттігі бұқаралық спорт

                               және дене тәрбиесі-сауықтыру бөлімінің

                               бастығы


     Мұхамеджанов              Астана қаласы әкімінің орынбасары

     Төлеген Мұхамеджанұлы


     Мырзахметов               Қазақстан Республикасының Ауыл

     Асқар Исабекұлы           шаруашылығы вице-министрі


     Омаров                    Қазақстан Республикасының Мәдениет,

     Жанай Сейітжанұлы         ақпарат және қоғамдық келісім

                               министрлігі Бұқаралық ақпарат

                               құралдары департаментінің директоры


     Отто                      Қазақстан Республикасының Ішкі істер

     Иван Иванович             вице-министрі




      Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж.     








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады