Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 U984106_ Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 3 тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі 2000 жылғы 30 қыркүйекке дейін Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі -
Бағдарлама) әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына
енгізсін.
2. Бағдарламаны әзірлеу мәселелері жөнінде ұсыныстарды пысықтау үшін
мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Сәрсенбаев - Қазақстан Республикасының
Алтынбек Сәрсенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрі, жетекші
Әбділдин - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жабайхан Мүбәракұлы Сенатының депутаты (келісім
бойынша)
Әбіқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұртай Әбіқайұлы істер бірінші вице-министрі
Атрушкевич - Қазақстан Республикасы Парламенті
Павел Александрович Сенатының депутаты, Қазақстан
халықтары Ассамблеясы төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Бәкір - Қазақсатн Республикасы Парламенті
Әбдіжәлел Қошқарұлы Мәжілісінің депутаты (келісім
бойынша)
Бүркітбаев - Қазақстан Республикасының Көлік
Серік Мінәуарұлы және коммуникациялар министрі
Гаркавец - Украин ұлттық-мәдени орталығының
Александр Николаевич төрағасы (келісім бойынша)
Есенбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Мәжит Төлеубекұлы министрі
Зиманов - Қазақ академиялық университетінің
Салық Зиманұлы ректоры (келісім бойынша)
Қайдар - "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының
Әбдуәли Туғанбайұлы президенті (келісім бойынша)
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы Экономика министрі
Көшербаев - Қазақстан Республикасының Білім
Қырымбек Елеуұлы және ғылым министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Әділет
Бауыржан Әлімұлы министрі
Радостовец - Қазақстан Республикасының Еңбек
Николай Владимирович және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Сапарғалиев - Қазақ академиялық университетінің
Ғайрат Сапарғалиұлы кафедра меңгерушісі (келісім бойынша)
Тоғысов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әмірбек Әнуарұлы министрінің орынбасары
Хұсайын - Қазақстан Республикасының Білім
Көбей Шахметұлы және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі
институтының директоры
Шаймерденов - Қазақстан Республикасының
Ербол Шаймерденұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі Тілдерді дамыту
департаментінің директоры
Щеголихин - Қазақстан Республикасы Парламенті
Иван Павлович Сенатының депутаты (келісім бойынша)
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2000 жылдың 8 шілдесіне
дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігіне Бағдарламаның жобасына байланысты ұсыныстарын тапсырсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.