"Қаржы лизингі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лизинг мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2000 жылғы 7 қыркүйек. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Қаржы лизингi туралы"  Z000078_ және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне лизинг мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы"  Z000075_ Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi үш айлық мерзiмде жылжымалы мүлiктiң лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн. 
      2. Мемлекеттiк кiрiс, Қаржы, Экономика, Энергетика, индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң кедендiк режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекiтудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Yкiметіне енгізсін.     

     Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады