"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық
саясаты бойынша меморандумда айқындалған шарттарды орындаудың мониторингі
үшін қажетті ақпараттарды дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының
құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000
жылғы 25 қаңтардағы N 17
өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Меморандумда айқындалған шарттарды орындаудың мониторингі үшін
қажетті ақпарат дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына
мыналар енгізілсін:
Андрющенко - Қазақстан Республикасының
Александр Иванович Экономика және сауда
вице-министрі
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі
Өтеулина - Қазақстан Республикасының
Хафиза Мұхтарқызы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Есберген Әбітайұлы Әбітаев, Серік Ахметжанұлы
Аханов, Серік Жүсіпұлы Сүлейменов шығарылсын.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.