Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң қызметiн әрi қарай қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң 2001 жылғы 13 маусымдағы бесiншi мәжiлiсiнiң шешiмдерiн iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi бiрлескен жұмыс топтарының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 40 R010040_ өкiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспе "мәжiлiсiнiң" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң және 2001 жылғы 13 маусымдағы бесiншi мәжiлiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "төртiншi мәжiлiсiнiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң және 2001 жылғы 13 маусымдағы бесiншi мәжiлiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi бiрлескен жұмыс топтарының құрамында:
Қазақстан Республикасының инвестициялық беделiн көтеру мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының құрамына қазақстандық тараптан енгiзiлсiн:
Николай - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Белоруков вице-министрi, тең төраға;
мына жол:
"Раушан Қазыбекова - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрлiгi Инвестициялар
жөнiндегi комитетi төрағасының
орынбасары"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Раушан Қазыбекова - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрлiгi Инвестициялар
жөнiндегі комитетi төрағасының
орынбасары, тең төрағаның
орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Ажар Құзытбаева, Азамат Жолдасбеков шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі