"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы тартқан, мемлекет кепілдік берген заем мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 14 желтоқсан N 98-ө

 


     "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақтелеком"

ААҚ) тартқан несиенің бір бөлігін өтеуден босату туралы Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының шаруашылық істері жөніндегі сот алқасының

шешіміне байланысты, сондай-ақ берілген мемлекеттік кепілдікке орай

республикалық бюджеттен қаражат оқшауландыруға байланысты:

     1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Мәсімов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Кәрім Қажымқанұлы           Министрінің орынбасары, жетекші


     Досаев                    - Қазақстан Республикасы

     Ерболат Асқарбекұлы         Табиғи монополияларды реттеу,

                                 бәсекелестікті қорғау және шағын

                                 бизнесті қолдау жөніндегі

                                 агенттігінің төрағасы, орынбасар


     Дунаев                    - Қазақстан Республикасының

     Арман Ғалиасқарұлы          Қаржы вице-министрі


     Әйімбетов Сейітсұлтан     - Қазақстан Республикасының

     Сүлейменұлы                 Әділет вице-министрі

     Тұяқбаев Руслан           - Қазақстан Республикасының Көлік

     Шеризатұлы                  және коммуникациялар вице-министрі


     Бектасов Әбен             - "Қазақтелеком" ААҚ-тың

     Ағыбайұлы                   президенті


     Өтепов                    - Қазақстан Республикасы

     Эдуард Карлұлы              Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

                                 мүлік және жекешелендіру комитеті

                                 төрағасының бірінші орынбасары


     Оразәлиева Зәбира         - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Жандарқызы                  министрлігінің Заң қызметі

                                 департаменті Шаруашылық

                                 шарттар және талап-арыз

                                 жұмыстары басқармасының бастығы;

     Ыбырайымов                - Қазақстан Республикасы

     Рүстембек Қуаталыұлы        Қаржы министрлігінің

                                 Мемлекеттік қарыз алу департаменті

                                 Несиелендіру басқармасының бастығы

     ЕСКЕРТУ. 1-тармағы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.07. N 43-ө        

              өкімімен. 


R020043_



     2. Жұмыс тобы:


 
       1) несие келісімінің қолданылуын бастап 2001 жылғы 1 шілдені қоса алғанда, мемлекет кепілдік берген заемды өтеу жөніндегі соманың "Қазақтелеком" ААҚ-тың негізгі қызметтеріне белгіленген тарифтеріне енгізілуін және оның есебінен өтелуін тексеруді жүргізсін;
      2) мыналардың:
      "Маңғыстаумұнайгаз" және "Каскор" ашық акционерлік қоғамдарының

 

герман несие желісі бойынша алған жабдықтарының құнын өтеуі;

     "Қазақтелеком" ААҚ-ның акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер

төлеуі мүмкіндіктерін қарастырсын;

     3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілген жұмыс нәтижелері

бойынша осы мәселе жөнінде ұсыныс енгізсін.

     3. Жұмыс тобына министрліктерден, агенттіктерден және өзге де

ұйымдардан белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат сұратуға және алуға,

сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс тобына жүктелген міндеттерді шешуге

жұмыс тобының құзыретіне енетін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік

органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту құқығы берілсін.


     Премьер-Министр




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады