Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлерiнiң, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 25 желтоқсан N 101-ө

      1. Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлерiнiң, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң (бұдан әрi - күзетiлетiн объектiлер) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      күзетiлетiн объектiлердiң қауiпсiздiгi мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк және өзге де органдардың iс-қимылын салааралық үйлестiрудi, Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында белгiленген тәртiппен Мемлекеттiк күзет қызметi департаментiн Комитет (ведомство) етiп қайта құру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      күзет қызметiн жүзеге асыратын лицензиаттарды бақылауды күшейтсiн;
      2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, инженерлiк-техникалық нығайтылуы, қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтандырылуы және күзет қызметi субъектiлерiнiң сапалық құрамы бойынша инфрақұрылым объектiлерiнiң белгiлi бiр санатына қойылатын бiлiктiлiк талаптары жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      2002 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк күзетуге жататын объектiлердiң қауiпсiздiгi мен қорғалуының жай-күйi туралы Үкiметке ақпарат ұсынсын;
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, 2002 жылғы І жарты жылдықта қолданыстағы заңнамаға оларға сенiп тапсырылған объектiлердiң қауiпсіздiгi мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамағаны және (немесе) тиiсiнше орындамағаны үшiн, олардың ведомстволық тиесілiгi мен меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары мен лауазымды адамдарының әкiмшiлiк жауапкершiлiгiн белгiлейтiн толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
      Бас прокуратурамен (келiсiм бойынша) және мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жыл сайын ядролық және радиоактивтi материалдары, сондай-ақ екiұдай мақсаттағы материалдары, иондаушы сәуле көздерi бар ұйымдар мен мекемелерге ерекше назар аударып, Қазақстан Республикасының күзетiлетiн объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн инспекциялауды жүзеге асырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi:
      белгiленген тәртiппен 2002 жылғы 1 ақпанға дейiн "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Z990349_ Заңның 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Қорғаныс министрлiгi және Iшкi iстер министрлiгi күзететiн, мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген "Қазақстан Республикасының ерекше режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 P980651_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетуге жататын объектiлерiнде IIМ органдарының күзет қызметiне төленетiн ақының мөлшерлерiн бiр ай мерзiмде бекітсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бейбiт уақыт кезiндегi де, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кездегi де халық үшiн техногендiк қауiптiлiгi деңгейi бойынша олардың санатын белгiлеу үшiн инженерлiк-техникалық нығайтылуы әрi қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтандырылуы жөнiнде шаралар қабылдауды талап ететiн экономика салаларының, сондай-ақ қорғаныс пен қауiпсiздiк объектiлерiн жiктеудiң өлшемдерiн бекiтетiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын әзiрлесiн және Үкiметке енгiзсiн;
      5) мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      2002 жылғы 1 ақпанға дейiн белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 P011433_ қаулысымен бекiтілген тiзбеге сәйкес мемлекеттiк күзетуге жататын объектiлердi ішкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзетке алуына тапсыруды қамтамасыз етсiн;
      Iшкi iстер министрлiгiне кейiн Yкiметке баяндау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 қаулысына сәйкес мемлекеттiк күзетуге жататын нақты күзетiлетiн объектiлер тiзбесi бойынша ақпарат және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар табыс етсiн;
      6) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі:
      2002 жылғы 1 ақпанға дейiн облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органдарымен бiрлесiп республикалық және жергiлiктi маңыздағы санаттар бойынша қолда бар барлық су қоймаларын, табиғи және жасанды сутоғандарын кейiннен оларды қорғауды және күзетудi қаржыландыруды ұйымдастыру үшiн бекiтiп берсiн;
      елдi мекендердi, автомобиль жолдарын және темiр жолдарды су басып қалу қаупiн төндiретiн гидротехникалық құрылыстардың инженерлiк-техникалық берiктiгi жөнiнде қажеттi шараларды мүдделi министрлiктермен бiрлесiп 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiн қабылдасын;
      құзыреттi органмен бiрлесiп жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысты халық және қызметшiлер үшiн қауiпсiз жүргізу жөнiнде келiсiм-шарттар шарттарын сақтауын, авариялардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуiн, техникалық қауiпсiздiк пен өнеркәсiптiк санитария ережелерi мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етсiн;
      7) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2002 жылғы I тоқсанда 2002 жылы және кейiнгi жылдары республикалық бюджеттен мыналарды қаржыландыру жөнiнде ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсін;
      республикалық маңызға жатқызылған су қоймаларын, табиғи және жасанды сутоғандарын техникалық нығайту жөнiндегi iс-шаралар және оларды күзетудi ұйымдастыру;
      мемлекеттiк субъектiлердiң пайдалану мерзiмi бiткен радиоактивтi заттарды көму жөнiндегi шығындары;
      8) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне мыналар ұсынылсын:
      2002 жылдан бастап жергiлiктi бюджеттерде жергiлiктi маңызға жатқызылған су қоймаларын, табиғи және жасанды сутоғандарын, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, бас сағалар тоспаларын, су сору станцияларын және халықты шаруашылық-ауызсу суымен жабдықтау объектілерiн техникалық нығайту жөнiндегi iс-шараларды және оларды күзетудi ұйымдастыруды қаржыландыруға қаражат көздесiн;
      елдi мекендердi, автомобиль жолдарын және темiр жолдарды су басу қаупiн төндiретiн гидротехникалық құрылыстардың инженерлiк-техникалық берiктiгi жөнiнде қажеттi шараларды 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiн қабылдасын;
      9) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi:
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiкпен бiрлесiп 2002 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына "Ядролық объектілерде техногендiк апаттарды болдырмау жөнiндегi шаралар туралы" қаулының жобасын енгiзсiн;
      Сыртқы iстер және Ішкi iстер министрлiктерiмен бiрлесiп олардың құзыретiне сәйкес мұнай-газ секторының шетелдiк басқарудағы аса маңызды объектiлерiнде қауiпсiздiк жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын;
      10) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Қорғаныс министрлiгi:
      2002 жылғы 1 ақпанға дейiн әуеайлақтардың техникалық жай-күйiн зерттеп, азаматтық әуеайлақтарды күзету үшiн ішкi істер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiн, ал бiрлесiп орналасқан әуеайлақтар үшiн Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiн тарта отырып, олардың қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын;

 

     2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн азаматтар мен қол жүктерiн қарау

пункттерiн қару-жарақты, қопарғыш құрылғыларды және уландырғыш заттарды

табу жөнiндегi арнайы жабдықтармен және құрылғылармен қосымша жарақтандыру

шараларын қабылдасын.

     2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады