Грек Республикасының Президентi Константинос Стефанопулостың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 24 маусым N 83-ө

      Грек Республикасының Президентi Константинос Стефанопулостың Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 25-27 маусымдағы ресми сапарын дайындау және өткізу жөнiнде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Грек Республикасының Президентi Константинос Стефанопулостың Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 25-27 маусымдағы ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiнде Астана және Алматы қалаларында ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      Грек Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Грек Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Грек Республикасының Президентi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi:
      Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы кәсiпкерлерiнiң қатысуымен Астана қаласында "дөңгелек үстел" ұйымдастырсын;
      Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы кәсiпкерлерiнiң қатысуымен Алматы қаласында бизнес-форум ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      7. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Грек Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Грек Республиканың Президентi Константинос Стефанопулосты Астана және Алматы қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.
      9. Осы өкiмінiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады