"Өнiм" ашық акционерлік қоғамы тартқан, мемлекеттік кепілдік берген қарыз шеңберінде сатып алынған "Джон Дир" мақта жинау комбайндары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 93-ө Өкімі

      "Өнiм" ашық акционерлік қоғамы тартқан, мемлекет кепілдік берген қарыз шеңберінде "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын сатып алуға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтарып алу мақсатында:
      1. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ) кейiннен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беру үшiн Алматы қалалық сотының 2001 жылғы 15 қаңтардағы шешiмiнiң негiзiнде "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-тың пайдасына өндiрiп алынған саны 100 (жүз) бiрлiк "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын "Өнiм" ашық акционерлiк қоғамының берешегiн өтеу есебiне қабылдау ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген iс-шараларды жүргiзгеннен кейiн заңнамада белгіленген тәртiппен "Джон Дир" мақта жинау комбайндарын мемлекеттiк меншiкке қабылдауды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады