Тың игерудiң республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуында, iрi астық өндiрiсiнiң қалыптасуында және ұлтаралық қатынастарды үйлесiмдi етуде маңызды фактор ретiндегi тарихи мәнiн ескере отырып:
1. Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығын мерекелеу туралы республика жұртшылығының ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығын мерекелеуге байланысты мерейтойлық iс-шараларды дайындау мен өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) қоса берiлiп отырған құрамда құрылсын.
3. Комиссия бiр ай мерзiмде жоғарыда көрсетiлген жылдыққа арналған iс-шаралар жоспарын тиiстi iс-шараларды дайындау мен өткiзу жөнiндегi шығыстар сметасын дайындасын және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 22 шiлдедегі
N 108 өкiмiне
қосымша
Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының
50 жылдығын мерекелеуге байланысты мерейтойлық
іс-шараларды дайындау мен өткiзу жөнiндегi
комиссия құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, комиссия
төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Мұхамеджанов - Астана қаласы әкiмiнiң
Төлеген Мұхамеджанұлы орынбасары
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Ақпарат бірінші вице-министрі
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмірханұлы вице-министрі
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім
Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрі
Қошанов - Қазақстан Республикасының Көлік
Ерлан Жақанұлы және коммуникациялар вице-министрі
Меркель - Қазақстан Республикасының Әділет
Иоган Давидович бірінші вице-министрі
Оңжанов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Нұрлан Баймолдаұлы істер вице-министрі - Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің ТМД істері
жөніндегі Комитетінің төрағасы
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 2003.12.24. N 318 қаулысымен .