1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 13 маусымдағы N 77 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 2 қыркүйектегi
N 132 өкiмiмен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрi
Кеңсесiнің Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
И.Н.Тасмағамбетов
Yкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттiк комиссияға, Республикалық бюджет комиссиясына басшылық жасау.
Қорғаныс, мәдениеттi дамыту, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік материалдық резервтер, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгінiң, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары
А.С.Павлов
Экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат мәселелерi.
Экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономика ұйымдарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызметiн үйлестiру.
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Кеден бақылауы агенттiгiнiң, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
К.Қ.Мәсiмов
Инвестициялық саясат, экспорттық бақылау және жұмылдыру жұмысының, Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына енуi мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк саланы, инфрақұрылым мен жаңа технологияларды (өнеркәсiптi, энергетика секторын, құрылысты, көлiк пен коммуникацияларды) дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын сақтау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара қатынастарды үйлестiру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөнiндегi мемлекеттік комиссияға басшылық жасау.
Индустрия және сауда министрлiгiнiң, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Б.Ә.Мұхаметжанов
Құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Қазақстан Республикасында Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңеске басшылық жасау.
Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгінiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Қаржы полициясы агенттiгінiң, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есiмов
Мемлекеттiк органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк агроазық-түлiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту, iшкi көшi-қон мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасау.
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Басшысы
А.А.Тілеубердин
Yкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қыметiн үйлестіру.
Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, Үкiметтің облыстар әкімдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-МИнистр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен және Парламент палаталарының аппараттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері.