Алматы қаласында "Ұлы жiбек жолымен" II халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесiн дайындау және өткiзу мақсатында:
1. Алматы қаласында 2003 жылғы 23 - 25 сәуiрде "Ұлы жiбек жолымен" II халықаралық кiтап және полиграфия жәрмеңкесiн (бұдан әрi - Жәрмеңке) өткiзу туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгi мен Қазақстанның баспагерлер және кiтап таратушылар қауымдастығының ұсынысы қабылдансын.
2. Қосымшаға сәйкес Жәрмеңкенi дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы (бұдан әрi - Ұйымдастыру комитетi) бекiтiлсiн.
3. Ұйымдастыру комитетi бiр ай мерзiмде Жәрмеңкенi дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесін және бекiтсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгi қазақстандық кiтап шығару ісін мәшhүр ету мақсатында Жәрмеңкенiң мәдени бағдарламасын және осы iс-шараның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
1) Жәрмеңке туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерi мен халықаралық ұйымдар арқылы таратылуын;
2) Ұйымдастыру комитетi ұсынған тiзiмдер бойынша Жәрмеңкеге шетелдiк
қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз етуге
жәрдем көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi Жәрмеңке
өткiзiлетiн және оған қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртiптiң
сақталуын қамтамасыз етсiн.
7. Алматы қаласының әкімі Жәрмеңкені ұйымдастырушыларға оның
дайындалуы мен өткізілуіне жәрдем көрсетсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 17 қыркүйектегі
N 140 өкiмiне
қосымша
2003 жылғы 23-25 сәуірде Алматы қаласында
"Ұлы жібек жолымен" II халықаралық кiтап және
полиграфия жәрмеңкесін дайындау және өткiзу жөнiндегi
ұйымдастыру комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
Храпунов - Алматы қаласының әкiмi, төраға
Виктор Вячеславович
Асқаров - Қазақстан Республикасының
Әлібек Асылбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлiгi Баспа және
полиграфия iстерi жөнiндегi
департаментiнiң директоры,
орынбасар
Баталова - Қазақстан баспагерлерi мен кiтап
Элеонора Нығметқызы таратушылары қауымдастығының
президентi, орынбасар
(келісім бойынша)
Абдоллаева - "Атакентэкспо" халықаралық көрме
Жанна Қалыққызы компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң директоры (келісім
бойынша)
Александров - Қазақстан полиграфистерi
Вячеслав Олегович қауымдастығының президентi (келісім
бойынша)
Антоненко - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Андрей Иванович iстер министрлiгi Консулдық қызмет
департаментi директорының
орынбасары
Майкеев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Бағдат Әбдіқадырұлы министрлігінің Алматы қаласы Ішкі
істер бас басқармасы бастығының
орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.