Словения Республикасының Президенті Милан Кучанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 18 қыркүйек N 143-ө

      Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Словения Республикасының Президентi Милан Кучанның Қазақстан Республикасына 2002 жылғы 22-24 қыркүйектегi ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Словения Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды және бизнес форумды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Словения Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсiздігін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесіп, Словения Республикасының Президентi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Астана қаласының әкімi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы және Словения Республикасы мүдделi мемлекеттік органдары өкiлдерінің, кәсiпкерлерiнің қатысуымен бизнес форумын ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсiн.
      7. Астана, Алматы қалаларының және Алматы облысының әкiмдерi Словения Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендіру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша)

 

Словения Республикасының Президентi Милан Кучанды Астана және Алматы

қалалар әуежайларында күтіп алу және шығарып салу рәсiмiне қатыссын.

     9. Алматы қаласының әкiмi Словения Республикасы Президентінің

құрметiне қабылдау ұйымдастырсын.

     10. Осы өкімнің iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


                                           Қазақстан Республикасы

                                            Премьер-Министрiнiң

                                         2002 жылғы 18 қыркүйектегi

                                                N 143 өкіміне

                                                  қосымша


         Словения Республикасы ресми делегациясының мүшелерін

      орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету

                   жөніндегі ұйымдастыру шаралары



 
       1. Словения Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+10) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Хаятт Редженси" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметі қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Хаятт Редженси" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. 2002 жылғы 22-24 қыркүйекте сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн ұтқыр байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар) дайындау.
      5. Делегация басшысы үшін кәдесыйлар және сыйлық сатып алу.
      6. Словения Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы

 

қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай

дастарханын ұйымдастыру.

     7. Қазақстан Республикасыньң Президентi Н.Ә.Назарбаев пен зайыбы

атынан Словения Республикасының Президентi М.Кучан мен зайыбының құрметiне

Астана қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.

     8. Астана қаласында бизнес форум өткізу үшiн қажеттi залды, iлеспе

аудармаға арналған жабдықтарды, наушниктер мен микрофондарды жалға алуға

ақы төлеу.

     9. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретін адамдарға

медициналық қызмет көрсету.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады