1. Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары шекара маңындағы аудандарының тұрғындары арасында қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы түсiндiру жұмысын жүргiзу және туындаған мәселелердi шешу жөнiнде ұсыныстар енгiзу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Жағанова - Қазақстан Республикасының
Алтыншаш Қайыржынқызы Көшi-қон және демография
жөнiндегi агенттiгiнiң төрайымы,
жетекшi
жұмыс тобының мүшелерi:
Атанов - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мұрат Марданұлы iстер министрлiгінiң Ерекше
тапсырмалар бойынша Елшiсi
Қаратаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Сұлтанбек Өмiрбекұлы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқықтық департаментi
мемлекеттiк шекара бөлiмiнiң
екiншi хатшысы
Ерiмбетов - Қызылорда облысы әкiмiнiң
Нұрлан Кенжебекұлы орынбасары
Жылқышиев - Оңтүстiк Қазақстан облысының
Болат Әбжаппарұлы әкiмi
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Iшкі iстер вице-министрi
2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары шекара маңындағы аудандарының тұрғындары арасында қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасын делимитациялау туралы түсiндiру жұмысын жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныстарын енгiзсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә. Мұхаметжановқа жүктелсiн.
Премьер-Министр