Жылжымайтын мүлікті түгендеуді жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2002 жылғы 25 қараша N 183-ө

      Иесiз жылжымайтын мүлiктi анықтау және оны кейiннен есепке қою мақсатында:

      1. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде тиiстi әкімшілiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 2003 жылға 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу тәртiбi туралы халық арасында түсiндiру жұмысын жүргізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады