Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн реформалау жөніндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында:
1. Ведомствоаралық жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович және коммуникациялар бiріншi
вице-министрi, басшы;
Байдәулетов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Нұржан Тәлiпұлы және коммуникациялар министрлігі
Темiр жол көлiгi департаментiнің
директоры, басшының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Әбдiреев - Қазақстан Республикасының
Батырбек Сейтенұлы Индустрия және сауда министрлiгi
Индустриалдық саясат департаментi
директорының орынбасары;
Ыдырысов - Қазақстан Республикасы Экономика
Марат Мәкеұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлiгiнің Салалық саясат және
бағдарламалар департаментi
салааралық үйлестiру басқармасының
бастығы;
Клякин - Қазақстан Республикасы Энергетика
Владимир Викторович және минералдық ресурстар
министрлiгінің Электр энергиясы және
қатты отын департаментi
директорының орынбасары;
Әубәкiров - Қазақстан Республикасының Табиғи
Ұлан Сауытбекұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегi
агенттігі Көлiк және
телекоммуникациялық секторды реттеу
жөніндегі департаментінің директоры;
Акрачкова - Қазақстан Республикасы Табиғи
Дина Викторовна монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегi
агенттігінің Монополияға қарсы
заңнаманың сақталуын бақылау
департаментi директорының орынбасары;
Сейсеқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Байжан Бақтыбайұлы министрлiгi Салық комитетiнің Iрi
салық төлеушiлер басқармасы
бастығының орынбасары;
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қалымжан Уәлиханұлы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендіру комитетiнің Мемлекеттің
қатысуы бар мемлекеттiк емес заңды
тұлғалармен жұмыс жөніндегi
басқармасының бастығы;
Жанғаскин - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық
Қанат Қарасайұлы компаниясы" жабық акционерлiк
қоғамының вице-президентi
(келiсiм бойынша);
Есенғалиев - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық
Әсет Бақытжанұлы компаниясы" жабық акционерлiк
қоғамының атқарушы директоры
(келiсiм бойынша).
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы:
1) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн одан әрi реформалау жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде ұсыныстар әзiрлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр