"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2003 жылғы 27 қаңтар N 11-ө

      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының мүлкiнен мыналарды: жұмыс паркiнен 3 799 (үш мың жетi жүз тоқсан тоғыз) жартылай вагонды, жұмыс iстемейтiн парктен 1 450 (бiр мың төрт жүз елу) жартылай вагонды, 691 (алты жүз тоқсан бip) жентек тасығышты, 700 (жетi жүз) цемент тасығышты, Екiбастұздың N 16 вагон пайдалану депосын (ВЧД - 16), "Железорудненск вагон жөндеу депосы" жөндеу базасын бағалау құны бойынша сатуды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi мен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы осы өкiмнен туындайтын шаралар қабылдасын.

      3. Осы өкімнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады