Ресей Федерациясыңың "Троицкая ГPЭC" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Троицкая ГРЭC" ААҚ) күл-қожыр қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуiне байланысты мәселелердi реттеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мейстер - Қостанай облысы әкiмiнiң бiрiншi
Виктор Викторович орынбасары, жетекшi
Әлиев - Қазақстан Республикасының
Ертісбай Ахметжанұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Мемлекeттiк
энергетикалық қадағалау жөнiндегi
комитетi төрағасының орынбасары
Бекеев - Қазақстан Республикасының
Әдiлетбек Төлендiұлы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгi Мемлекеттiк бақылау
департаментiнiң басқарма бастығы
Kәpімов - Қостанай облыстық қоршаған
Айдарбек Дәукенұлы ортаны қорғау аумақтық
басқармасының бастығы
Кочин - Қостанай облысының Энергетика,
Владимир Федорович өнеркәсiп және құрылыс
департаментiнiң директоры
Литвинов - Қазақстан Республикасының
Михаил Константинович Сыртқы iстер министрлiгi ТМД
iстерi жөнiндегi комитетi
екi жақты ынтымақтастық
басқармасының бастығы
Нарымбетов - Қазақстан Республикасының
Ербол Қабдылхамитұлы Кедендiк бақылау агенттiгi
кедендiк бақылауды ұйымдастыру
департаментi басқарма бастығының
орынбасары
Нұpмұхамбетов - Қостанай облысы Қарабалық
Ғауез Торсанұлы ауданының әкiмi
Пасичник - Қостанай облысының бас
Василий Петрович мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi
2. Жұмыс тобы екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне Ресей Федерациясының "Троицкая ГPЭC"-тың күл-қожыр қалдықтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуiне байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзсiн.
3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен жұмыс тобының құзырына кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) мамандарын тартуға, сондай-ақ оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқық берілсін.
Премьер-Министр