Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2003 жылғы 4 ақпан N 16-ө

      Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту әрi Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына 2003 жылғы 11-13 ақпандағы Алматы қаласындағы ресми сапарын дайындау және өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайдың Қазақстан Республикасына 2003 жылғы 11-13 ақпандағы Алматы қаласындағы ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Хамид Карзайды Алматы қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi Президентiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Алматы қаласының әкiмi Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      8. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2003 жылғы 4 ақпандағы  
N 16 өкiмiне      
қосымша      

Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру және оларға қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi ресми делегациясының мүшелерiн (1+10 схемасы бойынша) Алматы қаласында "Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Риджент Алматы" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
      4. Делегация басшысына - сыйлық және ресми делегация мүшелерiне кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң ресми делегациясын Алматы қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Президентi Х.Карзайдың құрметiне Алматы қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне медициналық қызмет көрсету.
      8. Келiссөздер өтетiн залды техникалық безендiру (мемлекеттiк жалаулар, гүлдер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады