2003 жылғы 19-21 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (бұдан әрі - ЫҮК) жетінші отырысын өткізуге байланысты:
Қоса беріліп отырған шығыстар сметасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ЫҮК отырысына қатысатын Ресей Федерациясының ресми делегациясының қонақ үйде тұруына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 122400 (бір жүз жиырма екі мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 36 өкіміне қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетінші отырысына қатысатын Ресей Федерациясы ресми делегациясының қонақ үйде тұруына шығыстар сметасы (2003 жылғы 19-21 наурыз, Астана қаласы)
_______________________________________________________________
Р/с Шығыстардың атауы Сома
(теңге)
_______________________________________________________________
1. Тұру - 3 күн, 10 адам х 12 240 122 400
_______________________________________________________________
Жиыны: 122 400