Польша Республикасының Премьер-Министрi Л.Миллердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 47-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 3-6 сәуiрде Астана, Алматы қалаларында және Ақмола облысында Польша Республикасының Премьер-Министрi Л. Миллердің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiнде протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 3-6 сәуiрде Астана, Алматы қалаларында және Ақмола облысында Польша Республикасының Премьер-Министрi Л. Миллердің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiнде ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс Басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Польша Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және бизнес-форумды өткiзуге қатысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Польша Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнің әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Польша Республикасының Премьер-Министрi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Астана қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының және Польша Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары, кәсiпкерлерi өкiлдерiне қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуін қамтамасыз етсiн.

      7. Астана, Алматы қалаларының және Ақмола облысының әкiмдерi Польша Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу жөніндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiрудi қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Польша Республикасының Премьер-Министрiн қарсы алу және шығарып салу салтанатына қатыссын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің атынан ресми қонақасыдағы концерттiк бағдарламаны қамтамасыз етсiн.

      9. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң   
2003 жылғы 1 сәуірдегі 
N 47 өкiмiне      
қосымша         

Польша Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн
орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктiк қызмет
көрсету жөнiнде ұйымдастыру шаралары

      1. Польша Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+10) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Хаятт Ридженси" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Хаятт Ридженси" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған арнайы рұқсатнамалар, кувертка карталары, ресми қонақасына шақырулар) дайындау.
      4. Делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Польша Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi И.Н.Тасмағамбетовтың атынан Польша Республикасының Премьер-Министрi Л.Миллердің құрметiне Астана қаласында ресми қонақасы ұйымдастыру.
      7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Польша Республикасының iскер топтары өкiлдерiнің қатысуымен бизнес-форум өткiзу үшiн қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, құлаққаптарды, микрофондарды жалға алуға және минералды сусынға ақы төлеу.
      8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады