Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиаллидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі N 62-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік туризм ұйымы (бұдан әрi - ДТҰ) арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 22-25 сәуiрде Алматы қаласында ДТҰ-ның Бас Xaтшысы Франческо Франжиаллидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      2003 жылғы 22-25 сәуiр кезеңіндe Алматы қаласында ДТҰ-ның Бас Хатшысы Франческо Франжиаллидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін;
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізу шығыстарына қаржы, соның ішінде қонақ үйде тұруға 351896 (үш жүз елу бiр мың сегiз жүз тоқсан алты) теңге бөлсiн;
      қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігімен бiрлесiп, ДТҰ-ның ресми делегациясының мүшелерін күтіп алу, орналастыру, тамақтандыру, көлiктiк қызмет көрсету және оларды шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру шараларын қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi (келiсiм бойынша) ДТҰ-ның ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.

      4. Алматы қаласының әкімі сапар шеңберінде белгіленген іс-шаралардың өтуіне жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Pecпубликасы   
Премьер-Министрінің    
2003 жылғы 17 сәуiрдегi  
N 62 өкімiне       
қосымша          

ДТҰ-ның ресми делегациясы мүшелерiн күтiп алу, орналастыру, тамақтандыру, көліктік қызмет көрсету және оларды шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. ДТҰ-ның ресми делегациясының мүшелерiн (1+1) және бiрге жүретін адамдарды Алматы қаласында "Риджент Алматы" қонақ үйінде орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Күзет қызметінің қызметкерлерiн "Риджент Алматы" қонақ үйiнде орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөліктерге арналған арнайы рұқсатнамалар, кувертка карталары) дайындау.
      4. ДТҰ-ның делегациясы үшiн белгiленген тәртiппен сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Алматы қаласының әуежайында (VIP-залы, жалаулар, шай дастарханы) ДТҰ-ның ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу рәсiмдерiн техникалық безендiру.
      6. ДТҰ Бас Хатшысының Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы - Сыртқы iстер министрiмен кездесуiн ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Pecпубликасы Президентiнің Резиденциясында баспасөз конференциясын ұйымдастыру.
      8. ДТҰ ресми делегациясы мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады