Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң "Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентiндегi Ертiс мыс балқыту зауытындағы жағдай туралы" 2003 жылғы 26 наурыздағы N 1788-II ПМ қаулысын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Абайдiлдин - Шығыс Қазақстан облысының
Талғатбек Жәмшiтұлы әкімі, жетекші
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы Индустрия және сауда вице-
министрi, жетекшiнiң орынбасары
Әбдiлдин - Қазақстан Республикасының
Серiкболсын Әбдiлдаұлы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты
(келiсiм бойынша)
Шаекин - Қазақстан Республикасының
Рауан Михайлович Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
(келiсiм бойынша)
Егоров - Қазақстан Республикасының
Виктор Николаевич Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты
(келiсiм бойынша)
Швайченко - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Юрий Петрович орынбасары
Ысқақов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбділдаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-
министрi
Плотников - Шығыс Қазақстан облысы
Сергей Викторович Глубокое ауданының әкiмi
Юн - "Қазақмыс" корпорациясы" ашық
Руслан Борисович акционерлiк қоғамының бас
басқарушысы (келiсiм бойынша)
Гусинский - Қазақстан Республикасының
Александр Владимирович Парламенті Сенатының
депутаты (келісім бойынша) <*>
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.23. N 100 өкімімен .
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы бiр ай мерзiмде Ертiс мыс балқыту зауытында алмастырылатын өндiрiстердi ұйымдастыру мәселесi бойынша қалыптасқан ахуалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Шығыс Қазақстан мыс кешенiн құру туралы" 1999 жылғы 23 маусымдағы N 838 және "Шығыс Қазақстан мыс кешенiн құру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1161 қаулыларының орындалуын талдасын және Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
3. Осы өкімнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Премьер-Министр