Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1161

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес және оның республиканың Шығыс Қазақстан аймағының экономикасы үшiн маңызды мәнiн ескере отырып Ертiс мыс балқыту зауыты мен Ертiс тау-кен байыту комбинатының базасында мыс кешенiн Ұйымдастыру үшiн "Шығыс Қазақстан мыс кешенiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 маусымдағы N 838 P990838_ қаулысын iске асыруды жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Осы қаулының кiрiспесiнде көрсетiлген ұйымдардың:
      1) "Ертiс мыс балқыту зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды жүзеге асыруды;
      "Ертiс тау-кен байыту комбинаты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінiң мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды жүзеге асыруды;
      2) сатып алушының үшiншi кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiндегі мiндеттемелерiн;
      3) өндiрiстi iске қосу жөнiндегі дайындық жұмыстарын қаржыландыру үшiн әлеуеттi инвесторды тартуды;
      4) әлеуеттi инвестордың кәсiпорындарды iске қосу жөнiндегі шығындарын банкроттық рәсiмдерiн жүргiзуге байланысты әкiмшiлiк шығыстарға енгізудi;
      5) сатып алушының қуаттарды:
      мыс балқыту өндiрiсiне жыл iшiнде 32500 (отыз екi мың бес жүз) тонна алғашқы мыс шығаруға арналған;
      Ертiс кенiшiне бiр жыл iшiнде өнiмдiлiгi 500000 (бес жүз мың) тонна рудаға арналған;
      Белоус кенiшiне жыл iшiнде өнiмдiлiгi 500000 (без жүз мың) тонна рудаға арналған;
      Белоус байыту фабрикасын алты айдың iшiнде өнiмдiлiгi 600000 (алты жүз мың) тонна және жыл iшiнде - 1000000 (бiр миллион) тонна рудаға арналған жүктемемен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін көздейтін конкурстық массаларын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. Конкурстық массалары сатып алушыларға қосымша талаптар көзделсін:
      1) сауда-саттыққа тек тау-кен-металлургия өнеркәсібінде жұмыс

 

тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жіберіледі;

     2) Жоғары Березов поселкесіне орналасқан Жоғары Березов байыту

фабрикасын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда оның қызметкерлерін

сақтау немесе оларды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысының

әкімі В.Л.Меттеге жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады