Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 26-28 сәуірде Алматы мен Астана қалаларында Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрі Ли Чжаосиннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
2003 жылғы 26-28 сәуiрде Алматы және Астана қалаларында Қытай Халық Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Ли Чжаосиннiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн;
2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен қытай делегациясы мүшелерiнiң ресми сапарын өткiзуге, оның iшiнде қонақ үйде тұруына, тамақтануы мен Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарына (авиакөлік) 1171053 (бip миллион бір жүз жетпiс бір мың елу үш) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметі (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайда, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайларын безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы iстер министрiнiң атынан ресми қабылдаудағы концерттiк бағдарламаны қамтамасыз етсiн.
7. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 29 сәуiрдегi
N 79 өкімiне
қосымша
Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шаралары
1. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн (1+4), бiрге жүретiн адамдарды Алматы қаласында "Анкара Риджент" қонақ үйiне және Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Анкара Риджент" және "Окан Интерконтиненталь" қонақ үйлерiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн дайындау (30 дана бағдарлама кiтапшалары, бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, куверткалар).
4. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы VIP-залдар арқылы қызмет көрсетудi ұйымдастыру (Алматы қаласында шай дастарханы).
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi атынан Қытай Халық Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң құрметiне ресми қабылдау өткiзуге қажеттi залды белгiлеу.
6. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.